Литва төтенше жағдайды ұзартты

Литва Ішкі істер министрі Агне Билотайте төтенше жағдайды 2023 жылы 16 наурызға дейін ұзартуды мақұлдағанын білдірді.

1918979
Литва төтенше жағдайды ұзартты

Литва үкіметі Калининград облысындағы Беларусь пен Ресей шекарасындағы төтенше жағдайдың уақытын 2023 жылдың 16 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Литва Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазіргі төтенше жағдай 16 желтоқсанда аяқталады.

Литва Ішкі істер министрі Агне Билотайте төтенше жағдайдың ұзартылуын мақұлдау туралы мәлімдемесінде бұл екі елдің, әсіресе Ресейдің әлі де Литва қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін айтты.

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарын айыптаған Билотайте:

"Ол жерде адамзатқа қарсы қылмыстар жасалып, энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдар күшейіп жатыр. Ұзақ уақытқа созылған қауіпті және тұрақсыз геосаяси жағдай Ресей мен Беларусь билігінің Литваға қарсы гибридті шабуылдар мен түрлі арандатушылықтар жасауына орай жаратуды жалғастыруда" деп көрсетті.

Билотайте сондай-ақ виза алуға рұқсат етілген Ресей және Беларусь азаматтарына қатаң виза режимі қолданылатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар