Иран Парсы шығанағында заңсыз кемені тәркіледі

Кахрамани кеменің кімдікі және экипаждың ұлты туралы ақпарат бермеді.

1919304
Иран Парсы шығанағында заңсыз кемені тәркіледі

Иран Парсы шығанағында алып қашырылған жанармайды тасымалдаған кемені тәркілеп, кемедегі 12 адамды ұстады.

Иранның жартылай ресми агенттігі Tesnim-нің хабарына қарағанда Хормузган уәлаяты Сот билігінің басшысы Муктеба Кахрамани Парсы шығанағындағы Кашм аралы маңында алып қашырылған жанармай тиелгені анықталған кемеге операция жасалғанын айтты.

Уәлаят Полиция армиясы ұйымдастырған операция нәтижесінде кемедегі 12 адамның ұсталғанын атап көрсеткен Кахрамани кемедегі 330 мың литр заңсыз жанармайдың қолға түскенін мәлімдеді.

Кахрамани кеменің кімдікі және экипаждың ұлты туралы ақпарат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар