Қытайлықтардың қонақүйіне жасалған шабуылды ДАИШ мойындады
ДАИШ террор ұйымы жасаған Кабулдағы қонақүй шабуылында 18 адам жараланып, 3 адам қаза тапқан болатын.
Ауғанстанның бас қаласы Кабулда кеше қытайлықтарға тиесілі бір қонақүйге жасалған қарулы және бомбалы шабуылды террор ұйымы ДАИШ мойындады.
Террор ұйымы ДАИШ әлеуметтік желі арқылы жасаған хабарламада Кабулдың Нев аймағындағы қытайлықтардың қонақүйіне жасалған шабуылды өз мойнына алғанын білдірді.
Екінші жағынан Кабулдағы «Emergency» ауруханасы жасаған мәлімдемеде шабуылда 18 адамның жараланып, 3 адамның қаза тапқанын жариялады.
Талибан мәлімдемешісі Забихулла Муджахид әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кабулдың Нев аймағындағы қонақүйден шетел азаматтарының құтқарылғанын, екі шетелдік азаматтың болса қонақүй терезесінен секіріп жарақат алғанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.