ДАИШ-тің екі жетекішісі өлтірілді

Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшығы жариялады.

1917655
ДАИШ-тің екі жетекішісі өлтірілді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияның шығысында ДАИШ ұйымының екі жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады.

CENTCOM жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Орталық қолбасшылық күштері 11 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:57-де Сирияның шығысында тікұшақпен сәтті операция жүргізіп, Сирияның шығысындағы жоспары мен операцияларына қатысы бар ДАИШ-тың басшысы Анаспен бірге екі ДАИШ жетекшісін өлтірді” деп айтылды.

АҚШ әскерлері тарапынан біржақты жүргізілгені хабарланған операцияда алғашқы анықтауларға қарағанда бейбіт тұрғындар арасында шығын болмаған.



Ұқсас жаңалықтар