БАӘ Айға ғарыш кемесін жіберген алғашқы араб елі болды
Хабарға қарағанда, ғарыш кемесі Айға шамамен 5 айда жетеді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) «Рашид» атты ғарыш кемесі барлау мақсатында Айға жіберілді.
Осылайша БАӘ Айға ғарыш аппаратын жіберген алғашқы араб елі болды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің «WAM» ресми агенттігінің хабарына қарағанда, БАӘ-нің «Рашид» ғарыш кемесі Америка Құрама Штаттарының Флорида штатындағы Канаверал базасынан американдық ғарыш кемесі мен зымыран өндіруші «SpaceX» фирмасының «Falcon 9» зымыранымен бірге ұшырылды.
Хабарға қарағанда, ғарыш кемесі Айға шамамен 5 айда жетеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарыш кемесін ұшыру уақыты екі рет кейінге шегерілген болатын.
Осы ғарыш кемесі Айдың геологиялық құрылымын, тау жыныстарын, плазманы, шаң-тозаңды, Ай топырағын зерттеу, жаңа техникалар жасау үшін деректер жинау сияқты тапсырмаларды орындайды.
Ұқсас жаңалықтар
Германияда ірі ереуіл
Кәсіподақтар өз мүшелерінің қымбатшылықта күн көруі үшін жалақыларының артуын талап етеді.