Иранда "Мухсин Шикари" атты шеруші дарға асып өлтірілді

Ирандағы шерулерде қаза тапқандар санын 458-ге жеткен.

1916431
Иранда "Мухсин Шикари" атты шеруші дарға асып өлтірілді

Иранда полиция қамауға алынған жас әйелдің өлімінен кейін басталған шерулермен байланысты алғашқы дарға асу жазасы орындалды.

«Mizan» агенттігінің хабарлауынша, қазан айында астана Тегерандағы «Сеттар Хан көшесіндегі шерулер кезінде азаматтарды  қару-жарақтармен қорқытты және  бір қауіпсіздіу қызметкерді жарақаттады» деген айыппен Төңкерісшіл сот тарапынан өлім жазасына кесілген Мухсин Шикари атты шеруші бүгін тәңертең дарға асып өлтірілді.

Осы барысты орталығы Норвегияда болған Иран Адам құқықтары ұйымы  Иранда ұсталғаннан кейін жас әйелдің өлімімен басталған шерулерде қаза тапқандар санының 458-ге жеткенін хабарлады.

Иран Адам құқықтары сайтында жарияланған хабарда қаза тапқан шерушілердің 29-ының әйел, 63-інің жасы 18-ге толмағандар екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар