ЕО Ресейге қарсы 9-шы санкциялар пакетін дайындады

Фон дер Ляйен «Бүгін біз 9-шы санкциялар пакетімен Ресейге қысымды күшейтіп жатырмыз» деп көрсетті.

1916223
ЕО Ресейге қарсы 9-шы санкциялар пакетін дайындады

Еуропа Одағы  Ресейге қарсы 9-шы санкциялар пакетін дайындады.

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі аккаунтында санкциялар пакетінің егжей-тегжейлері туралы бейнежазбамен бөлісті.

Ресейдің Украинаға өлім мен қиратуды жалғастырғанын білдірген Фон дер Ляйен Ресейдің қыс мезгілінде бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымды нысанаға алып, Украинаны әдейі қиратуға тырысқанын айтты.

Украинаны қолдауды жалғастыратындарын түсіндірген Фон дер Ляйен «Біз осы уақытқа дейін енгізген 8 санкция пакеті Ресейге зиянын тигізуде» деді.

Фон дер Ляйен «Бүгін біз 9-шы санкциялар пакетімен Ресейге қысымды күшейтіп жатырмыз» деп көрсетті.

Фон дер Ляйен Еуроодақтың санкциялар тізіміне тағы 200-ге жуық адам мен ұйымды қосуды ұсынғандарын айтып, тізімге қарулы күштердегі офицерлер, Дума мен Федерация Кеңесі мүшелері, министрлер мен көптеген саясаткерлер кіргенін айтты.

Фон дер Ляйен украиндық балаларды Ресейге заңсыз алып қашқан және Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін ұрлағандардың да тізімге енгізілгенін баса айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар