Ресей Украинаға шабуылдарын жалғастыруда

Зеленский Ресей күштері 5 желтоқсанда Украинаға 70 зымыранмен шабуыл жасағанын білдірді.

1915011
Ресей Украинаға шабуылдарын жалғастыруда

Украина президенті Владимир Зеленский 5 желтоқсанда Ресей армиясы Украинаның көптеген аймақтарына қарсы ұшырған 70 зымыранның көпшілігін украин күштері жойғанын мәлімдеді.

Зеленский түнде «Telegram» аккаунтында бейне көрініс арқылы  халыққа үндеу жасап, Ресей күштерінің еліне тағы да зымырандық шабуылдар жасағанын айтты.

Зеленский Ресей күштері 5 желтоқсанда Украинаға 70 зымыранмен шабуыл жасағанын білдірді.

Зеленский «Ресей 70 зымыран ұшырылды, олардың көпшілігі түсірілді. Х-101 типті және басқа да зымырандар» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар