АҚШ Қытайдағы шерулерді қолдайды

Энтони Блинкен Қытайдағы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) шараларына қарсы шерулерді қолдайтындарын айтты.

1914498
АҚШ Қытайдағы шерулерді қолдайды

Америка Құрама Штаттарының  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдағы жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) шараларына қарсы шерулерді қолдайтындарын және келесі жылы Қытайға сапары кезінде бұл мәселені көтеретінін айтты.

Блинкен «CNN» арнасының Джейк Таппер жүргізген «Түйінді мәселе атты» бағдарламасына қатысып, сұрақтарға жауап берді.

Таппердің АҚШ Қытайдағы Ковид-19 наразылықтарын қолдай ма деген сұрағына Блинкен «Әрине, қолдаймыз» деп жауап берді.

Блинкен «Біз Қытайда, Иранда немесе әлемнің кез келген жерінде адам құқықтарын, бейбіт наразылық білдіру құқығын, өз пікірін білдіру құқығын қорғаймыз» деген сөздер қолданды.

Келесі жылдың басында Қытайға сапар жасайтынын еске салған Блинкен сапары барысында бұл мәселені де көтеретінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар