Ресейлік мұнайға шекті баға белгіленді

Аталмыш шешімнің 5 желтоқсан күні күшіне енетіні білдірілді.

1914327
Ресейлік мұнайға шекті баға белгіленді

Еуроодақтан (ЕО) кейін «Үлкен жетілікке» мүше елдер мен Австралия да Ресейден теңіз арқылы тасымалданатын мұнайға барреліне белгіленген 60 доллар шекті бағаны қолдануға келісті.

«Үлкен жетілікке» мүше елдер жасаған мәлімдемеде Ресейден теңіз арқылы тасымалданатын мұнайға барреліне 60 доллар шекті бағаны қолдану туралы консенсусқа қол жеткізілгені айтылды.

Бұл шешіммен «Үлкен жетілік» елдерінің Ресей мен Украина соғысында пайда көздерін қысқарту жөніндегі уәделерін орындағанына назар аударылған мәлімдемеде Ресей-Украина соғысының жаһандық нарықтарға кері әсерін барынша азайтудың мақсат етілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде аталмыш шешімнің 5 желтоқсан күні күшіне енетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар