Венгрия-Армения арасында дипломатиялық бастама

Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто мәлімдеме жасады.

1913833
Венгрия-Армения арасында дипломатиялық бастама

Венгрия мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қайта құрылды.

Венгрия Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто елі мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісім жасалғанын мәлімдеді.

Министр Сийярто Фэйсбук аккаунтынан жасаған хабарламасында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгеніне 10 жылдан астам уақыт өткенін, бірақ таяудағы келіссөздер нәтижесінде бұл қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы шешім қабылданғанын білдірді.

Венгр министр «Келесі қадам – өзара елшілерді тағайындау» деді.

2004 жылы «НАТО-ның Бейбітшілік үшін серіктестігі» бағдарламасы аясында Венгрияда қатысқан бір семинарда Әзербайжан туын таптаған армян офицерін өлтіргені себепті өмір бойына бас бостандығынан айырылған Әзербайжан офицері Рамиль Сеферов 2012 жылы еліне қайтарылған және президент Ильхам Әлиевтің арнайы жарлығымен кешірілген болатын.

Армения Сеферов кері еліне қайтарылғаны себепті Венгриямен дипломатиялық байланысын үзген болатын.



Ұқсас жаңалықтар