БҰҰ Бас хатшысының "Африкада бейбітшілік" шақыруы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Эфиопияда баспасөзге мәлімдеме жасады.

1913694
БҰҰ Бас хатшысының "Африкада бейбітшілік" шақыруы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Африка құрлығын бейбітшілікке шақырды.

Антониу Гутерреш Эфиопияның бас қаласы Аддис-Абебада өткен 6-шы Африка Одағы – Біріккен Ұлттар Ұйымы (AfB-UN) жылдық конференциясының артынан баспасөзге мәлімдеме жасады.

Гутерреш Африка құрлығы үшін бейбітшілік шақыруы жасап, «Біз мекемелеріміздің бүкіл құрлықта бейбітшілікті сақтау үшін қалай жұмыс істеп жатқанын түсіндірдік. Африка бейбітшілікке лайық және оған мұқтаж» деді.

БҰҰ Бас хатшысы бейбітшілік әрқашан қажет, бірақ оған жету қиын екенін білдірді.

Гутерреш сонымен қатар Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен және AfB комиссиясының төрағасы Мусса Факи Махаматпен бас қосты.

Конференцияда Африкадағы адам құқығы, климат өзгерісі, қауіпсіздік және даму сияқты мәселелер талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар