Иран Франция елшісін министрлікке шақырды

Иран Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колоннаның мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

1913407
Иран Франция елшісін министрлікке шақырды

Францияның Ирандағы елшісі Николас Роше Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колоннаның мәлімдемелеріне байланысты Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Иран Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колоннаның парламентте жасаған қабылданбайтын мәлімдемелері және Парламенттің Ирандағы оқиғаларға қатысты килігуші шешімінің қабылдануына жауап ретінде елші Роше Сыртқы істер министрлігіне шақырылғаныхабарланды. 

Мәлімдемеде Париж әкімшілігінің Иранға қарсы негізсіз жазғыруларының айыпталғаны және осы жазғырулардың қабылданбайтындығы атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Франция мен кейбір еуропалық елдердің адам құқықтары мәселесін орынсыз пайдаланғаны баса айтылып, бұл елдердің ұлттардың құқықтарына қайшы біржақты және мәжбүрлеу тәсілдеріне жүгіну арқылы адам құқықтарын талап етуді пайымдау бтлігінің жоқтығы атап өтілді.

Мәлімдемеде Франция елшісі Роштың бұл мәселені Париж әкімшілігіне жеткізетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар