Тыңайтқыш тиелген алғашқы Ресей кемесі жолға шықты

Тыңайтқыш тиелген алғашқы Ресей кемесі Голландия портынан жолға шықты.

1912684
Тыңайтқыш тиелген алғашқы Ресей кемесі жолға шықты

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қаратеңіз астық дәлізі келісімі жаңартылғаннан кейін тыңайтқыш тиелген алғашқы Ресей кемесінің Голландия портынан шыққанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде 20 мың тонна Ресей тыңайтқыш тиелген кеменің Голландиядан жолға шыққанын айтты.

БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы тарапынан  бөлінген кеменің Мозамбик арқылы Малавиге баратынын айтқан баспасөз хатшысы Дюжаррик бұл алдағы айларда Африка елдеріне жөнелтілетін  тыңайтқыштардың алғашқысы екенін атап өтті.

Дюжаррик 24 ақпанда Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Еуропа порттарында орын алған 260 мың тонна тыңайтқышты сыйға тартқанына орай риза болғанын білдірді.

Дюжаррик бұл қайырымдылықтың гуманитарлық қажеттіліктерді ішінара қанағаттандыратынын және Африкадағы апатты азайтудың алдын алатынын атап өтті.

Дюжаррик «Тыңайтқыштар нарығының қайта іске қосылуы 2023 жылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу жолындағы өте маңызды қадам» деген сөздер қолданды.

Дюжаррик БҰҰ-ның 2023 жылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық тараптармен бар күш-жігерін салуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 17 қарашада Түркияның үй иелігінде өткен төрт жақты келіссөздер нәтижесінде Түркия, БҰҰ, Ресей және Украина арасында қабылданған шешімге сәйкес Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің 19 қарашадан бастап 120 күнге ұзартылғанын жариялаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар