Мауна Лоа 38 жылдан кейін атқылады

Лауазымдылар арал тұрғындары ықтимал эвакуацияға және ең нашар сценарийге дайын болуы керек екенін білдірді.

1912382
Мауна Лоа 38 жылдан кейін атқылады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Гавайи штатында әлемдегі ең үлкен белсенді жанартау Мауна Лоа 38 жылдан кейін атқылады.

АҚШ-тың Геологиялық зерттеу орталығы арал тұрғындарына атқылау өте серпінді болатынын және ағынның бағыты мен жылдамдығы өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Лауазымдылар арал тұрғындары ықтимал эвакуацияға және ең нашар сценарийге дайын болуы керек екенін білдірді.

Гавайдағы жанартау обсерваториясының қызметкері Кен Хон 38 жылдан кейінгі үлкен атқылаудың артынан шағын сілкіністер болғанын айтты.

Денсаулық сақтау лауазымдылары Гавайи аралындағы ауа сапасы бақыланып жатқанын және қазір оның жағдайы жақсы екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар