Ляйен: «Ресейдің активтері тәркіленуі керек»

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен бейнематериал жариялады.

1913016
Ляйен: «Ресейдің активтері тәркіленуі керек»

Еуроодақ (ЕО) соғыс салдарынан Ресейдің орталық банкінің бұғатталған 300 миллиард еуролық резерві мен ресейлік олигархтардың 19 миллиард еуролық активін тәркілеуді жоспарлап отыр.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі аккаунтында 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы туралы бейнематериал жариялады.

«Ресей келтірген шығынды қаржылық тұрғыдан өтеуге тиісті» деген Фон дер Ляйен Украинаның осы уақытқа ұшыраған шығынының 600 миллиард еуро деп есептелгенін айтты.

Фон дер Ляйен «Ресей мен оның олигархтары Украинаға келтірген зиянның орнын толтырып, елді қалпына келтіру шығындарын өз мойнына алуы керек» деді.

Ресейге мұны төлететін құралдар бар екенін атап көрсеткен фон дер Ляйен Ресей Орталық банкінің 300 миллиард еуролық резервіне санкция жасалғанын және ресейлік олигархтардың 19 миллиард еуро ақшасын бұғаттағандарын білдірді.

Фон дер Ляйен «Серіктестерімізбен бірге қысқа мерзімде осы қаражатпен басқару және инвестиция салатын бір құрылым орната аламыз» деді.

Аталмыш құрылымның кірістерін Украина үшін пайдалана алатындарына назар аударған Фон дер Ляйен «Санкциялар жойылғаннан кейін бұл қаражат Ресейдің Украинаға келтірген барлық зиянын өтеуге жұмсалуы керек. Біз мұны жүзеге асыру үшін әріптестерімізбен халықаралық бір келісім үстінде жұмыс істейтін боламыз» деді.

Халықаралық серіктестермен бұған қол жеткізудің заңды жолдарын таба алатындарын мәлімдеген Фон дер Ляйен «Ресейдің жан түршігерлік қылмыстары жазасыз қалмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар