Босқындардан ақы алады

Бұл туралы шешім Министрлер кабинетінде мақұлданды.

1912788
Босқындардан ақы алады

Польша үкіметі елдегі баспаналарда 4 айдан астам уақыт қалған украиналық босқындардан тамақ пен баспана үшін ақы алуды жоспарлап отыр.

Польша ақпарат құралдарында орын алған хабарға қарағанда босқындар туралы кейбір шешімдер мен олардың бюджетке әсерін қамтитын жоба Министрлер Кеңесінде мақұлданды.

Осыған байланысты Польшадағы жаппай орналастыру орталықтарында тұратын Украина азаматтары тұру және тамақ шығындарын өздері қамдайды.

Мектеп жатақханалары мен қонақүй бөлмелері сияқты мемлекет қаржыландыратын баспаналарда 120 күннен артық тұрғандар тәулігіне 40 злотыдан (8,83 доллар) аспайтындай түрде құнының 50 пайызын жабуы керек. 180 күн өткеннен кейін шығынның 75 пайызын босқын көтереді, бұл 60 злотыдан (13,25 доллар) аспауы керек.

Қарттар, мүгедектер және жүкті әйелдер аталған жоспарға кірмейді.

Украина азаматы елге кіріп шыққанын Польшаның әлеуметтік сақтандыру мекемесіне хабарлап отыруы керек және Польшадан кеткен адамдарға жәрдемақы төлеу тоқтатылады.

Жаңа ережелер 2023 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Министрлер Кеңесінде қабылданған шешімдерді орындау үшін  Польша мәжілісі бекітуі қажет.

Украина-Ресей соғысы басталған 24 ақпаннан бері Украинадан Польшаға 8 миллион босқын келген. Олардың көпшілігі өз елдеріне оралды немесе Батыс Еуропа елдерін паналады.

Қазіргі уақытта Польша аумағында шамамен 1,5 миллион украиндық тұрады.



Ұқсас жаңалықтар