Бельгияда жұмысшылар жұмыс тастады

Ел бойынша пойыз қатынасының төрттен үш бөлігі тоқтатылды.

1912499
Бельгияда жұмысшылар жұмыс тастады

Бельгияда теміржол жұмысшыларының 3 күндік ереуіліне байланысты көлік қатынасы недәуір үзіліске ұшырады.

Теміржолшылар кәсіподақтары федералдық үкіметтің жеткілікті бюджет бөле алмауы, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартпауы, қызметкер тапшылығы сияқты себептермен 28 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 22:00-ден бастап ереуілге шықты.

Ел бойынша пойыз қатынасының төрттен үш бөлігі тоқтатылды.

30 қараша және 1 желтоқсанда пойыздардың жартысы жүреді.

Күнделікті қала және қалааралық қатынаста жиі таңдалған пойыздардың ереуілге байланысты пайдалануға берілмеуі автомобиль көлігіне сұраныстың артуына себеп болды. Елдегі көлік қозғалысы қатты бұзылды.

Бельгиялық теміржол кәсіподақтары да 5 қазанда 24 сағатқа жұмыс тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар