АҚШ Сириядағы патруль санын азайтқанын мәлімдеді

Пентагон мәлімдемешісі Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі операцияларына алаңдайтынын білдірді.

1912673
АҚШ Сириядағы патруль санын азайтқанын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Түркияның Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы операциялары себепті әскерлерінің ұйыммен бірге аймақтағы патруль санын азайтқанын хабарлады.

Күнделікті баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап қайтарған Пентагон мәлімдемешісі бригада генералы Патрик Райдер Түркияның қауіпсіздік уайымдарын түсінгендерін, бірақ Түрік Қарулы Күштерінің (ТҚК) Сирияның солтүстігіндегі операцияларына алаңдайтындарын білдірді.

ДАИШ-ке қарсы операциялардың жалғасуы туралы сұраққа қатысты Райдер «ДАИШ-пен күрес жалғасуда. Біз майдандағы патруль санын азайттық» деді.

Райдер бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің Түркияның операциялары себепті күзет қызметін азайтқанын, АҚШ-тың да параллель түрде патруль санын азайтқанын білдірді.

Мәлімдемеші Райдер Сириядағы АҚШ әскерлерінің аймақтан шегінмегенін атап көрсетті.

Түркияның Сириядағы ықтимал құрлық операциясына алаңдағандарын білдірген Райдер Анкарамен тығыз байланыста екендерін түсіндірді.

Райдер «Министр Остин жақын арада түрік әріптесімен (Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар) сөйлеседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар