Зеленский 7 елдің Сыртқы істер министрлерін қабылдады

Украина президенті министрлерге алғыс айтты.

1912155
Зеленский 7 елдің Сыртқы істер министрлерін қабылдады

Украина президенті Владимир Зеленский еліне сапармен келген 7 елдің сыртқы істер министрлерін қабылдады.

Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Эстония Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу, Исландия Сыртқы істер министрі Тордис Колбрун Гильфадоттир, Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс, Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис, Норвегия Сыртқы істер министрі Анникен Хуйтфельдт, Финляндия Сыртқы істер министрі Хаависто және Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас  Биллстреммен кездескенін мәлімдеді.

«Сіздің сапарыңыз серіктес елдердің Украинаға берік қолдауы мен ынтымақтастығының маңызды белгісі болып табылады” деді Зеленский. Ол  Балтық және Солтүстік Еуропа елдеріне Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға белсенді әрі тиімді көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Зеленский видео хабарлама жариялап, 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина соғысына қатысты соңғы оқиғалар туралы мәлімдеді.

Ресейдің Мәскеуден келген «нұсқауларға» сәйкес әрекет етпегені үшін Украинаға «кек» үшін соғыс жариялағанын айтқан Зеленский «Украина ешқашан қиранды орны болмайды» деді.

Әлемдегі гуманитарлық көмекке мұқтаж елдерге астық өнімдерін жеткізу үшін Украинада астық бастамасы платформасын құрғандарын еске салған Владимир Зеленский осыған байланысты Америка Құрама Штаттары, Корея, Жапония, кейбір Еуропалық Одақ елдері, НАТО және Түркия, Біріккен Ұлттар Ұйымынан айтарлықтай қолдау алғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар