Польша неміс «Patriot» зымырандарын қабылдауға дайын

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки мәлімдеме жасады.

1912438
Польша неміс «Patriot» зымырандарын қабылдауға дайын

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Германияның «Patriot» зымырандық қорғаныс жүйесін Украинаға жеткізбейтін жағдайда елінің оларды қабылдай алатынын айтты.

Моравецки журналистерге жасаған мәлімдемеде өткен аптада Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчактың Германиядан келген «Патриот» ұсынысын құптағандарын айтқанын жеткізді.

Премьер-министр Моравецки Украинаға жіберілмеген жағдайда «Patriot» зымырандық қорғаныс жүйесін қабылдауды жоспарлағандарын атап, «Біз мұндай мүмкіндікті қарастырамыз, дегенмен Украина күн сайын бомбаланып жатқанын ескереміз» деді.

Поляк БАҚ-ның хабарларына қарағанда «патриоттарды Украинаға беру» көзқарасты биліктегі «Заң және әділдік» партиясының жетекшісі Ярослав Качинский де жақтауда.

Хабарда «Patriot» тақырыбында президент Анджей Дуданың пікірінің сұралмағаны алға тартылды.

Блашчактың өткен аптадағы мәлімдемесінен кейін Германияның Қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт Польшаның әуе қорғанысы үшін ұсынған «Patriot» зымырандық қорғаныс жүйесі НАТО аймағы әуе қорғанысының бір бөлігі екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар