"Өзін қорғауы - заңды"

Джон Кирби брифинг берді.

1912294
"Өзін қорғауы - заңды"

АҚШ-тағы Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар директоры Джон Кирби Түркияның террор қаупінен өзін қорғауға құқығы бар екенін қайталады.

Күнделікті баспасөз брифингінде Джон Кирби Түркияның Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы жүргізген операцияларына тоқталды. Түркияның террор шабуылының құрбаны болғанын атап көрсеткен Кирби “Түркияның өзін және өз азаматтарын терроризмнен қорғауға құқығы бар” деді.

Кирби 22 қараша күнгі мәлімдемесінде Түркияның оңтүстік шекарасында «террористік қауіппен» бетпе-бет келгенін және өзін қорғауға заңды түрде толық құқығы бар екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар