Германияда дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

Германияда Қытай мен Үндістан елдерінің дәрімен қамдау қиыншылығы себепті дәрі жетпегені білдірілді.

1912069
Германияда дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

Германияда 299 түрлі дәрінің тапшылығы жалғасуда.

Германияның Дәрілер мен медициналық құрылғылар федералды институты әлеуметтік сайтында жеткізілім тапшылығы бар 299 дәрінің тізімін жариялады.

Германияның Дәрілер мен медициналық құрылғылар федералды институты мәліметі бойынша жеткізілім қиындығы Қытай мен Үндістан сияқты елдерден дәрімен қамдаудың жеткіліксіз болуына байланысты екені білдірілді.

Германияда жетіспейтін дәрілерге антибиотиктер, қант диабетіне қарсы препараттар, қатерлі ісікке қарсы препараттар, иммунитетке байланысты дәрілер және ауырсынуды басатын дәрілер кіреді.

"Bild" газетіндегі жаңалықтарда жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне байланысты зауыттар жабылса, жеткізу мәселесінің тіпті нашарлауы мүмкін екені білдірілген.

Елдегі дәріханалардағы әрбір екі дәрілік рецепттің біреуінің қоймада жоқтығы және ұзақ уақыт күту керектігі жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар