"Майдандағы жағдай ауыр"

Зеленский мәлімдеме жасады.

1911616
"Майдандағы жағдай ауыр"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясы Украинаның азаматтық және энергетикалық инфрақұрылымдарына жаңа зымырандық шабуылдарға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Владимир Зеленский түнде Telegram аккаунтында жарияланған бейне хабарламасында 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысының жалғасып жатқанын еске салды. Ол Донецк майданындағы ең ауыр қақтығыстардың осы аптада да жалғасқанын атап көрсетті. «Майдандағы жағдай өте ауыр» деді ол.

Ресейдің өткен аптада Украинадағы азаматтық және маңызды энергетикалық инфрақұрылымдарды қайтадан бомбалағанын айтқан Зеленский шабуылдар нәтижесінде елдегі энергетикалық мәселелерді шешу үшін тиімді күш-жігер жұмсалғанын білдірді.

Ресейдің жаңа шабуылдарға дайындалып жатқанын алға тартқан Украина басшысы ресейліктердің зымырандары таусылмайынша тынышталмайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар