Иракта ұрланған 2,5 миллиард доллардың бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани баспасөзге мәлімдеме жасады.

1911678
Иракта ұрланған 2,5 миллиард доллардың бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа эс-Судани қысқа уақыт бұрын мемлекеттік банктен ұрланған 2,5 миллиард доллардың бір бөлігінің мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.

Судани бас қала Бағдатта өткізген баспасөз мәслихатында қайтарылған ақшамен журналистер алдына шықты.

«Тергеу жүргізген тиісті комиссиялар ұрланған сомадан 182 миллиард динардың (124 миллион 600 мың доллар) қайтарылуын қамтамасыз етті» деген Судани аталмыш ақшаны ұрлауға кейбір мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің көмектескенін атап көрсетті.

Судани қазір ұрлаған ақшаны қайтару үшін түрмеде жатқан Нұр Зухайрдың кепілдікпен босатылатынын және бұл кісінің ақшанының барлығын қайтарғанша қауіпсіздік күштерінің бақылауында жүретіні білдірді.

Ирак премьер-министрі ұрланған ақша қайтарылған соң Зухайрдың сотының жалғасатынын мәлімдеді.

Иракта 16 қазан күні Мемлекеттік банкте Салық басқармасына тиесілі 2,5 миллиард долларлық депозиттің ұрланғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар