Асад режимі PKK/YPG-ге жанармай қолдауын тоқтатты

Асад режимі Шейх Мақсұт пен Эшрефийе аумақтарында PKK/YPG-нің жергілікті мәжілісін өзгерткісі келеді.

1911969
Асад режимі PKK/YPG-ге жанармай қолдауын тоқтатты

Сирияда Башар Асад режимі Алеппоның солтүстігіндегі қала орталығында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG басып алған «Шейх Мақсұт» және «Эшрефийе» аймақтарына жанармай ағынын тоқтатты.

Жергілікті дереккөздерге қарағанда Асад режимі 18 қыркүйек күні Алеппода PKK/YPG-лік террористтер ұялаған Шейх Мақсұт пен Эшрефийе аумақтарында бөлшектеуші террор ұйымының жергілікті мәжілісін өзгерткісі келеді.

Дереккөздер террор ұйымының бұл талапқа қарсы шығып, режим күштерінің 26 қараша күнінен бастап Шейх Мақсұт пен Эшрефийеге жанармайдың кірісіне тыйым салғанын атап көрсетті.

Жанармай дағдарысы салдарынан бұл аумақтарды электр қуатымен қамтамасыз ететін генераторлардың көпшілігі істен шыққан.

Асад режимі 2012 жылы халық қозғалысы және қарулы көтерілістер артқан соң өзіне қарсы қарулы әрекетке бармау шартымен елдің солтүстігіндегі кейбір аймақтарды PKK/YPG террор ұйымына қалдырған болатын. Осылайша PKK/YPG Алеппо қала орталығындағы аталған аумақтарға қоныстана бастаған болатын.

Ұйым 2016 жылы режим және Ресейдің Алеппо қаласын қоршауында Шейх Мақсұт аумағы арқылы стратегиялық қолдау көрсетті.

Режим өз қолында ұстаған Алеппоның орталығында PKK/YPG-нің болуына көз жұмып қараса, ұйым режимнің Хасеке қаласы бойынша кейбір жерлерде болмысын көрсетуіне рұқсат беретін.

Елдің солтүстік шығысындағы Хасекеде тараптар кейде үстемдік үшін қысқа мерзімді қақтығыстарға түседі.



Ұқсас жаңалықтар