Қытай кемелері Жапония суларына кірді

Қытайдың 2 жағалау қауіпсіздік кемесі Жапонияның ұлттық аумақтық суларына кіргені білдірілді.

1911108
Қытай кемелері Жапония суларына кірді

Қытайға қарасты жағалау қауіпсіздік кемелері Шығыс Қытай теңізіндегі даулы Сенкаку аралдарының айналасындағы Жапонияның аумақтық суларына кірді.

Окинава уәлаятының Наха ауданындағы 11-ші Аймақтық Жағалау қауіпсіздік басқармасының мәліметі бойынша Қытайдың 2 жағалау қауіпсіздік кемесі Жапонияның ұлттық аумақтық суларына кіргені білдірілді.

Ұлттық аумақтық сулармен қамтылған аймақта жүзіп келе жатқан кемелер жергілікті уақыт бойынша сағат 02:40-та Минамикодзима төңірегінде жапондық балық аулау кемелеріне жақындауға әрекеттенді.

Ұлттық аумақтық сулармен қамтылған аймақта жүрген кемелер жергілікті уақыт бойынша сағат 02:40-та Минамикодзима төңірегінде жапондық балық аулау кемелеріне жақындауға талпынды.

Қытай кемелерінің аймақтан шығуын ескерткен Жапония Жағалау қауіпсіздік  элементтерінің балық аулайтын кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткені хабарланды.

Шығыс Қытай теңізінде Жапония «Сенкаку», Қытай «Дяоюй» деп атаған топтық аралдар 5 арал мен 3 жартастан тұрады.

Жапония меншігіндегі және Қытай құқық талап етіп отырған және ешкім тұрмайтын аралдар ұзақ уақыт бойы егемендік туралы пікірталастарға себеп болып келеді.



Ұқсас жаңалықтар