Тағы тұтқын алмасты

Ресей мен Украина кеше де тұтқын алмасқан еді.

1910946
Тағы тұтқын алмасты

Украина мен Ресей арасындағы тұтқын алмасу аясында екі жақтан  50-50-ден сарбаз алмасылды.

Украина президентінің кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram желісіндегі мәлімдемесінде Ресеймен тұтқын алмасу кезінде құтқарылғандардың арасында Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында, Чернобыль атом электр станциясы мен Жылан аралында соғысып жатқанда тұтқынға түскен сарбаздар бар екенін айтты.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Украина тарапымен келіссөздер нәтижесінде 50 ресейлік сарбаз босатылды.

Сарбаздарға қажетті медициналық және психологиялық қолдау көрсетілгені, бұл адамдардың министрлікке тиесілі ұшақтармен ел астанасы Мәскеуге жеткізілетіні хабарланды.

Кеше Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасуда 35 ресейлік және 36 украиналық босатылған болатын.


Этикеттер: #Украина , #Ресей , #тұтқын

Ұқсас жаңалықтар