Ресей мен Украина тұтқын алмасты

Ресей мен Украина соғысында тұтқынға түскендердің бірқатары алмастырылды.

1910549
Ресей мен Украина тұтқын алмасты

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина соғысында тұтқынға түскендердің бірқатары алмастырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Украина тарапымен келіссөздер нәтижесінде 35 ресейлік сарбаздың босатылғаны айтылды.

Мәлімдемеде қажетті медициналық және психологиялық қолдау көрсетілген сарбаздардың министрлікке тиесілі ұшақтармен ел астанасы Мәскеуге жеткізілетіні атап өтілді.

 Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Telegram» арнасында «Біз 36 азаматымызды үйлеріне жеткіздік, олардың 1-і бейбіт тұрғын, 35-і әскер» деп мәлімдеді.

Ермак олардың арасында Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында соғысқандар мен Чернобыль атом электр станциясында соғыстың алғашқы күндерінде тұтқынға алынған сарбаздар да бар екеніне назар аударды.

Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу аясында 3 қарашада 107 ресейлік және 107 украиндық сарбаз босатылған еді.



Ұқсас жаңалықтар