Молдавия қараңғыда қалды

Молдавия президенті Майя Санду Ресейдің зымырандық шабуылдарымен елін жарықсыз қалдырғанын мәлімдеді.

1910469
Молдавия қараңғыда қалды

Молдавия президенті Майя Санду Ресейдің Украинаға зымырандық шабуылдарымен елін жарықсыз қалдырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Майя Санду өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы мәлімдемесінде:

"Ресей Молдавияны қараңғылықта қалдырды. Ресейдің Украинадағы соғысы адамдарды өлтіріп, тұрғын үйлер мен энергетикалық инфрақұрылымды зымыранмен қиратуда" деп көрсетті.

Молдавияда электр қуатының қалпына келтірілетінін баса айтқан Санду тиісті мекемелердің бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратынын білдірді.

Молдавия Сыртқы істер және Еуропа интеграция министрі Нику Попеску астана Кишиневті қамтыған елде электр қуатыныңөшкенін білдіріп:

"Ресейдің Украинаны аяусыз бомбалауының біздің елде ауыр зардаптары жалғасуда. Сол себепті Ресейдің Молдавиядағы елшісін министрлікке шақыруды бұйырдым" деді.

Украинаның «Укренерго» энергетикалық компаниясы да кеше Ресей армиясының зымырандық шабуылдары салдарынан елде су мен электр қуатының үзілгенін хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар