Йеменге гуманитарлық көмек жетпей жатыр

Йеменде 2 миллион адамның гуманитарлық көмектің кешіктірілуі салдарынан жәрдем ала алмай жатқаны хабарланды.

1910427
Йеменге гуманитарлық көмек жетпей жатыр

Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық үйлестіру кеңсесінің  Twitter парақшасында жасалған жазбаша мәлімдемеде Йеменде шілде-қыркүйек аралығында 2 миллион адамның гуманитарлық көмек ала алмағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде гуманитарлық көмектің мұқтаж жандарға жеткізудегі қиындықтардың көпшілігінің «бюрократиялық кедергілерден» туындағаны айтылды.

Гуманитарлық көмекке қатысты оқиғалардың 94 пайызының хоусилердің бақылауындағы аймақтарда болғаны және хоусилердің Йеменде гуманитарлық көмек саласында жұмыс істейтін әйелдердің қасында жақын еркек туыстары болмағандықтан рұқсат бермегені баса айтылды.

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер 2014 жылдың қыркүйегінен бері ел астанасы Сана мен кейбір аймақтарды бақылауда. Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері 2015 жылдың наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау көрсетуде.

Елде 7 жылға созылған қақтығыстарда 377 мыңға жуық адам қаза тапты. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналатын Йемендегі азаматтық соғыс салдарынан өршіп тұрған гуманитарлық дағдарыс қорқынышты мөлшерге жетті.



Ұқсас жаңалықтар