АҚШ-тағы дүкен шабуылында 10 кісі мерт болды
Вирджиния штатында дүкен директорының қызметкерлеріне оқ жаудыруы салдарынан10 адамның қаза тапқаны жарияланды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Вирджиния штатында бөлшек сауда дүкендері желісінің директорының қызметкерлеріне оқ жаудыруы салдарынан кем дегенде 10 адамның қаза тапқаны жарияланды.
Оқиға орнында болғандардың айғақтарына қарағанда директор демалыс бөлмесіне кіріп, дүкендегі басқа қызметкерлерге оқ жаудырған.
Оқиғада шабуылдаушыны қосқанда кемінде 10 адам қаза тапты.
Полиция жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 10 шамасында дүкенде атыс болғанын хабарлады.
Оқиға орнына 40-тан астам жедел жәрдем көлігі жолданды.
Екі аптаның алдында да Вирджиния университетінде атыс болған еді. Студент Кристофер Дарнелл Джонс футболшылар мінген автобусына оқ жаудырған.
Атыс салдарынан футбол командасының үш студент қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Барша әлем жер сілкіністерінде зардап шеккендер үшін қол ұшын беруде
Эллен Де Женерес Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.