Индонезиядағы жер сілкінісінде қаза тапқан адам саны артуда

Индонезиядағы 5,6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны кеше 162-ге жетті.

1909261
Индонезиядағы жер сілкінісінде қаза тапқан адам саны артуда

Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған 5,6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны кеше 162-ге жетті.

Батыс Ява губернаторы Ридван Камил жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 162-ге жеткенін мәлімдеді.

700-ден астам адам жарақат алған жер сілкінісінде 13 мың адам қоныс аударып, 2 мың 200 үй зақымдалды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, қаза тапқандар мен жараланғандар санының артуы мүмкін екені айтылды.

2018 жылы Индонезияда Сулавеси аралында 7,5 балдық жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінен кейінгі цунамиден 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар