АҚШ елшілігі Түркияға көңіл айтты

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшілігі Газиантептегі қанды террорлық шабуылды айыптады.

1909064
АҚШ елшілігі Түркияға көңіл айтты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркиядағы елшілігі Газиантептегі қанды террорлық шабуылды айыптаған мәлімдеме жариялады.

Бұл туралы АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен мәлімдемесінде:

«АҚШ-тың Түркиядағы дипломатиялық миссиясы ретінде біз бүгін Каркамышта үш жазықсыз адам қаза болған оқиғада қайғылы түрік халқымен бірге аза тұтамыз. Біз бұл зорлық-зомбылықты және  опасыз шабуылды қатаң айыптаймыз" деп жазылды.

Сирияның Айн Әл Араб (Кобани) аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі террористтердің Газиантептің Каркамыш ауданында жасаған зымырандық шабуылында 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар