Тель-Авив пен Доха арасына тікелей рейс басталды
Әлем чемпионатын ұйымдастыру кезінде Тель-Авив пен Доха арасында 6 мәрте барып-келу рейсі жоспарланды.

Израильдің Тель-Авив қаласындағы Бен Гурион Халықаралық әуежайынан Катардың астанасы Дохаға алғашқы тікелей рейс басталды.
Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайынан ұшқан "TUS Airlines" әуе компаниясының 2022 жылғы FIFA әлем чемпионатына қатысу үшін израильдіктерді тасымалдаған алғашқы жоспарлы рейсі Доха әуежайына қонды.
Әлем чемпионатын ұйымдастыру кезінде Тель-Авив пен Доха арасында 6 мәрте барып-келу рейсі жоспарланды.
Ұшулар Иранның орнына Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде болады.
Израиль премьер-министрі Яир Лапид 10 қарашада Израиль азаматтарының әлем чемпионатына қатысу үшін алғаш рет Катарға тікелей ұша алатынын және Дохада уақытша дипломатиялық кеңсе ашқанын хабарлаған боалтын.
Турнирге байланысты Катарға барған Израиль азаматтарына консулдық қызмет көрсету үшін дипломатиялық кеңсенің осы елде орналасатыны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

Украина батыстан 120-140 танк алады
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба батыстан шыққан 120-140 танк алатынын мәлімдеді.