Алексей Резников пен Пеени Хенаре бас қосты

Жаңа Зеландия 8 қарашада Украинаға әскери және гуманитарлық көмек көрсететінін жариялады.

1908645
Алексей Резников пен Пеени Хенаре бас қосты

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Жаңа Зеландия Қорғаныс министрі Пеени Хенаремен Украинаның қорғаныс қабілетін дамыту мәселесін талқылады.

Украинаның астанасы Киевте Хенарені күтіп алған Украина министрі Резников Twitter парақшасында «Ортақ жобалар, Украина қорғанысын күшейту жолдары және соғыстан кейінгі Украина құрылысын» талқылағандарын айтты.

Министр Хенаре алдымен польшалық әріптесі Мариуш Блашчакпен кездесті.

Кездесуге байланысты Польша Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде тараптардың Украинаға жіберілетін көмекпен қатар аймақтық қауіпсіздікті де кеңескендері білдірілді.

Twitter парақшасында министр Блашчакпен кездескеніне қуанышты екенін білдірген Хенаре Украина мен Польша шекарасындағы бір ауылға құлаған зымыран салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Жаңа Зеландия 8 қарашада Украинаға әскери және гуманитарлық көмек көрсететінін жариялаған еді.

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Наная Махута Ресейге қарсы санкциялар аясында 14 адам мен 7 ұйымның қосылуымен сәуір айынан бері санкцияға тіркелген адам мен ұйым санының 1200-ден асқанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар