Нигерияда 13 террорист залалсыздандырылды

Нигерияның оңтүстігіндегі Имо уәлаятында 3 террорист залалсыздандырылды.

1907731
Нигерияда 13 террорист залалсыздандырылды

Нигерияның оңтүстігіндегі Имо уәлаятында террористтік ұйым деп жарияланған Биафра жергілікті халықтарының (IPOB) 13 мүшесі өлтірілді.

Қорғаныс министрлігі БАҚ операциялары директоры Муса Данмадами жазбаша мәлімдемесінде армияның Имо уәлаятында IPOB мүшелеріне қарсы операция жасағанын айтты.

Данмадами операцияларда 13 IPOB мүшесінің залалсыздандырылғанын, 6 террористтің қолға түскенін атап көрсетті.

Операциялар барысында Тәуелсіз Ұлттық сайлау комиссиясының жоғалған сайлаушы тіркеу машинасының табылғанын білдірген Данмадами террористтерге тиесілі 19 қару мен маңызды оқ-дәрілердің де қолға түскенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар