Ирактағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Сүлейманийе губернаторы Хевал Әбубәкір тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

1907914
Ирактағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Ирактың Сүлейманийе қаласындағы бір үйде кеше газ шығуы салдарынан болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті.

Сүлейманийе губернаторы Хевал Әбубәкір тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

Жарылыста қаза тапқандар санының 11-ге көтерілгенін атап көрсеткен Әбубәкір жараланғандар санының да 12-ге жеткенін айтты.

Губернатор Әбубәкір ауруханаға жеткізілген 8 адамның емделіп шыққанын, 4 адамның болса жан сақтау бөлімінде емдерінің жалғасқанын мәлімдеді.

Екінші жағынан жарылыс салдарынан бүкіл қалада бір күндік аза жарияланды.

Сүлейманийе қаласының Казиве ауданында кеше бір үйде газдың шығуы салдарынан жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан үйдің құлағаны, 5 адамның қаза тауып, кемінде 10 адамның жараланғаны хабарланғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар