Зеленский «Украина бейбітшілік формуласын» ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский: «Егер Ресей бұл соғысты тоқтатқысы келетінін айтса, оны іс-әрекетімен дәлелдеу керек» деді.

1906616
Зеленский «Украина бейбітшілік формуласын» ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Индонезияның Бали аралында өткен "Үлкен-20" саммитіне «Украина бейбітшілік формуласын» ұсынды.

Зеленский "Үлкен-20" көшбасшылар саммитіне бейнеконференция жолымен  қатысып:

«Егер Ресей бұл соғысты тоқтатқысы келетінін айтса, оны іс-әрекетімен дәлелдеу керек» деді.

Зеленский Украинаның ұлттық жігері, егемендік, территориясы мен тәуелсіздікке қатысты мәселелерден бас тартуын күтпеу керектігін білдіріп:

"Біз ережелерді құрметтейміз және уәделерімізді орындаймыз. Украина бейбітшілікті қорғау талпыныстарында әрқашан  көшбасшы болды және оны әлем көріп отыр. Ресейдің сөзіне сенуге болмайтыны және бұдан кейін қайшылық жасайтын "Минск-3" тобы шешімі қабылданбайтыны айқын» деді.

Зеленский Ресейдің күйретуші соғысын тоқтату қажет және оның мүмкін екеніне сенетінін білдірді.

Ресей соғысының Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысы мен халықаралық құқық негізінде әділ аяқталуын қалайтынын айтқан Зеленский "Үлкен-20" саммитіне қатысқан көшбасшыларға соғысты тоқтатуға арналған 10 ұсыныстан тұратын «Украина бейбітшілік формуласын» ұсынды. 

Зеленский өз ұсынысында радиациялық және ядролық қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін, энергетикалық қауіпсіздікті, барлық тұтқындар мен елінен кеткендердің босатылуы, БҰҰ Жарғысын орындауды, аумақтық тұтастық пен әлемдік тәртіпті сақтауды, Ресей әскерлерін шығаруды және соғысты тоқтатуды ұсынды. Сонымен бірге қақтығысты тоқтату, әділеттілікті қалпына келтіру, экологиялық проблемаларды шешу, шиеленістің алдын алу және соғыстың аяқталғанын дәлелдейтін құжатқа қол қою сияқты тақырыптарды қолданды.

Саммитте көшбасшыларға сөйлеген сөзінде Зеленский "Үлкен-20" саммитін "Үлкен-19" деп бірнеше рет атады және Ресейді саммиттен «шығару керек» екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар