Роттердам қалалық әкімшілігіне түрік туы ілінді

Голландияда Стамбулдағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін Роттердам әкімшілігіне түрік туы ілінді.

1906356
Роттердам қалалық әкімшілігіне түрік туы ілінді

Голландияда Стамбулдағы лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін Роттердам қалалық әкімшілігіне түрік туы ілінді.

Роттердам әкімшілігінің әлеуметтік желідегі аккаунтында жасалған мәлімдемеде жексенбі күні Бейоғлу ауданындағы Истиклал көшесінде орын алған лаңкестік шабуылға байланысты қалалық әкімдікте ілулі тұрған түрік туының Түркияға қолдау және ынтымақ ретінде жартылай төмен түсірілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Роттердам қалалық әкімшілігінде ілулі тұрған түрік туы жартылай төмен түсірілді. Стамбулдағы шабуылда қаза тапқандар мен олардың отбасыларына жүрегіміз ауырады» делінді.

Истиклал көшесіндегі бомбалы шабуылда 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар