Сайлауда Наташа Пирц Мусар жеңіске жетті

Наташа Пирк Мусар Словенияның жаңа президенті болып сайланды.

1905888
Сайлауда Наташа Пирц Мусар жеңіске жетті

Словенияда алғаш рет әйел президент болып сайланды.

Словенияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында Наташа Пирк Мусар көпшілік дауысқа ие болып, елдің жаңа президенті атанды.

Словения қарақшылар партиясы мен Еуропалық Жасылдар партиясының қолдауына ие болған тәуелсіз үміткер Пирк Мусар 53,86 пайыз дауыс жинап, 50 пайыздық межеден өтті. Осылайша, Пирк Мусар елдің жаңа және тұңғыш әйел президенті болып сайланды.

Бейресми нәтижелерге қарағанда, алдыңғы турда ең көп дауыс жинаған Словения Демократиялық партиясы қолдаған тәуелсіз кандидат Анзе Логардың дауыс беру көрсеткіші 46,14 пайыз деңгейінде қалды.

Сайлауда тіркелген 1 миллион 696 мың 893 сайлаушының 53 пайызы дауыс берді.

Президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялаған «Болат әйел» ретінде де танымал 54 жастағы Пирк Мусар алғашқы мәлімдемесінде Словенияның табанды, адал, шынайы, төзімді және құрметті диалогты қорғайтын президентке лайық екенін айтты.

Пирк Мусарды құттықтаған басқа үміткер Логар мәлімдемесінде «Пирк Мусар бәрімізді тыңдаса, ол жақсы президент болады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар