Президент Зеленский Херсон қаласына барды

Украина Президенті Херсон қаласының тұрғындарымен кездесті.

1906208
Президент Зеленский Херсон қаласына барды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерлері шығарылғаннан кейін қайтадан украин армиясының бақылауына өткен Херсон қаласына барды.

Мұнда тұрғындар Зеленскийге жылы лебіздерін білдіріп, сарбаздарға қаланы қайтарудағы қызметі үшін алғыс айтты.

Зеленский қаланың азат етілгеніне және халықтың жылы ықыласына қуанышты екенін атап көрсетті.

Херсонда болудың маңыздылығын атап өткен Зеленский күн сайын елі үшін өмірін қатерге тіккен сарбаздар және қала тұрғындарымен кездескеніне қуанышты екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар