Еуропа Одағы Украинаға жәрдемдерін жалғастырады

Жозеп Боррель Украинаға көрсетілетін қолдау аясында 15 мың армия қызметкерін оқытатын әскери миссияның ертең ресми түрде басталатынын хабарлады

1906158
Еуропа Одағы Украинаға жәрдемдерін жалғастырады

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Украинаға көрсетілетін қолдау аясында 15 мың армия қызметкерін оқытатын әскери миссияның ертең ресми түрде басталатынын хабарлады.

Бельгияның астанасы Брюссельде Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлерін бас қосқан жиынның кіреберісінде Боррель баспасөзге мәлімдеме жасады.

Боррель Еуроодақтың Украинада 15 мың сарбазын оқытатын миссиясының ертең ресми түрде іске қосылатынын мәлімдеді.

Боррель «(Миссия) бірнеше аптадан кейін жұмыс істей бастайды» деді.

Осы тақырыпта бұдан бұрын ақпарат берген Еуроодақтың жоғары лауазымды қызметкері 15-20 елдің қатысқысы келетінін, Еуроодақ жерінде жұмыс істейтін миссияның бір бөлігінің Польшада, екіншісі Германияда болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар