Гренландияның солтүстік шығысында мұз қабаты жылдам еруде

Гренландияның солтүстік шығысындағы мұз қабатының жылдам еруінің қорқынышты деңгейге жеткені жарияланды.

1905412
Гренландияның солтүстік шығысында мұз қабаты жылдам еруде

Гренландияның солтүстік шығысында мұз қабатының жылдам еруінің ғасырдың соңына дейін теңіз деңгейін 0,5 дюймге көтеруі мүмкін екені хабарланды.

«Mail Online» газеті Дания мен АҚШ-тық мамандар жүргізген зерттеумен Гренландияның солтүстік шығысындағы мұз қабатының жылдам еруінің қорқынышты деңгейге жеткені жарияланды.

Зерттеуде 2012 жылдан бері мұздың жоғалуы жер серігі деректері мен сандық модельдер арқылы зерттелді.

Ағымдағы еру үрдісі сақталған жағдайда 2100 жылға дейін жаһандық теңіз деңгейінің 0,5 дюймге көтерілуі мүмкін деп есептелді.

Мұздықтың 2011 жылдан бері шамамен 3 метрге жұқарғаны және Гренландия жағалауынан кем дегенде 200 шақырым қашықтыққа тарағаны айтылды.

«Арктикалық шөл» ретінде анықталған Гренландиятың солтүстік шығысында жауын-шашынның аз болуы салдарынан мұз қабатының еру жылдамдығы қалпына келтіріле алмайды.

Зерттеу «Journal of Nature» журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар