Виктор Орбан Түркияға алғыс айтты

Орбан Түркияның Венгрияның энергиямен қамтамасыз етуінде де маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

1905367
Виктор Орбан Түркияға алғыс айтты

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Түркияға Украинадан астық жөнелтілімін қамтамасыз ету үшін Қаратеңіз астық дәлізінің құрылуына сәтті делдалдық жасағаны үшін алғыс айтты.

Виктор Орбан Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Түрік Мемлекеттері Ұйымына (TDT) мүше мемлекеттер мен үкімет басшыларының 9-шы саммитінде сөз сөйледі.

Азық-түлік дағдарысының алдын алу үшін сәтті бітімгерлік қадамдарын басқан Түркияға алғыс білдірген Орбан азық-түлік дағдарысы жағдайында жаңа көші-қон толқыны болатынын, бұдан елінің де зардап шегетінін айтты.

Орбан Түркияның Венгрияның энергиямен қамтамасыз етуінде де маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

Виктор Орбан әлеуметтік желідегі парақшасында соғыс пен санкциялардың орнына бейбітшілік пен ынтымақтастық қажет екенін тілге тиек етті.

«Президент Режеп Тайып Ердоған – Ресей мен Украина арасында сәтті бітімгерлік жасаған жалғыз ел» деді Виктор Орбан.

Орбан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің де Еуропаның энергетикалық әртүрлілігін арттыруға көмектескеніне назар аударып, екі басшыға ризашылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар