Хорватия Шенген құрамына қабылданды

Еуропа Парламенті Болгария мен Румынияның да Шенгенге қосылуын қолдады.

1904898
Хорватия Шенген құрамына қабылданды

Еуропа Парламенті Хорватияның Еуропаның Шенген визасыз саяхат аймағына  қосылуын мақұлдады.

Парламентте осы тақырып бойынша дайындалған баяндама 53-ке қарсы 534 депутаттың даусымен қабылданды. Осылайша Еуропарламент Шенген елдері мен Хорватия арасындағы ішкі шекаралық бақылауды жоюды мақұлдады.

Еуропа Одағы кеңесі 9 желтоқсанда Хорватия Шенгенге мүше болу шарттарын орындағаны жайлы шешім қабылдаған болатын.

Парламент 10 қарашада қабылданған баяндамасында Еуропалық кеңесті процесті жалғастырып, шекаралық бақылауды жою туралы түпкілікті шешім қабылдауға шақырды.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді ЕО елдерінен құралған ЕО Кеңесі бірауыздан қабылдауы керек.

Қазіргі уақытта Шенген аймағында 26 мемлекет бар. Олар Болгария, Хорватия, Оңтүстік Кипр әкімшілігі, Ирландия мен Румынияны қоспағанда ЕО мүшелері және Еуроодаққа кірмейтін Норвегия, Изландия, Швейцария және Лихтенштейнді қамтиды. Осы елдер арасында визасыз саяхаттауға болады.

Еуропа Парламенті Болгария мен Румынияның да Шенгенге қосылуын қолдады.



Ұқсас жаңалықтар