АҚШ-тағы сайлауда 82 американдық мұсылман әртүрлі лауазымдарға сайланды

«Jetpack» ақпарат орталығы мен Америка-Ислам ынтымақтастығы кеңесі мәлімдеме жасады.

1904999
АҚШ-тағы сайлауда 82 американдық мұсылман әртүрлі лауазымдарға сайланды

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) 8 қараша күні өткен аралық сайлауда ұлттық және штат деңгейіндегі мұсылман текті 82 үміткер қарсыластарын артта қалдырып, жеңіске жетті.

«Jetpack» ақпарат орталығы мен Америка-Ислам ынтымақтастығы кеңесі (CAIR) дайындаған мәліметтерге қарағанда 82 американдық мұсылман үміткер федералды және штаттық деңгейде әртүрлі лауазымдарға сайланды.

Мұның ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екені, қазірге дейінгі рекордтың 2020 жылы 71 мұсылман үміткермен тіркелгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар