О.Корея, АҚШ және Жапония С.Кореяны айыптады

Өкілдер Солтүстік Кореяның «арандатушылықтары» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін бұзу екенін және қабылдауға болмайтынын білдірді.

1904332
О.Корея, АҚШ және Жапония С.Кореяны айыптады

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның жоғары дәрежелі ядролық өкілдері Солтүстік Кореяның Шығыс теңізге қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды ұшыруын айыптады.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша Корея түбегінің арнайы өкілі Ким Гун, Жапония Сыртқы істер министрлігінің Азия және Океания істері жөніндегі бас директоры Фунакоси Такехиро және АҚШ президенті Джо Байденнің Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Сун Ким Солтүстік Кореяның соңғы кезеңде зымыран сынақтарының күшеюіне байланысты телефон арқылы сөйлесті. 

Өкілдер Солтүстік Кореяның «арандатушылықтары» Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ) шешімдерін бұзу екенін және оны қабылдауға болмайтынын атап өтті.

Солтүстік Кореяның Шығыс теңізге қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды ұшыруын айыптаған өкілдер ықтимал қауіптерге қарсы ынтымақтастықты нығайтуға уәде берді.

Пхеньян өткен аптада АҚШ пен Оңтүстік Кореяның «Қырағы дауыл» деп аталатын бірлескен әуе жаттығуларына наразылық ретінде Шығыс теңізі мен Сары теңізге 35 зымыран ұшырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар