НАТО-ның келесі саммиті Литвада өтеді
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның келесі саммитінің 2023 Литвада өтетінін мәлімдеді.

НАТО-ның келесі саммиті 2023 жылдың 11-12 шілде күндері Литвада өтеді.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО мемлекет және үкімет басшылары жиналысының 2023 жылы 11-12 шілде күндері Литваның бас қаласы Вильнюсте өтетінін мәлімдеді.
Йенс Столтенберг өз мәлімдемесінде қырғи-қабақ соғыстан бері НАТО-ның ең күрделі және болжау мүмкін емес қауіпсіздік ортамен бетпе-бет келгенін айтты.
Вильнюстегі жиналыстың НАТО елдері басшылары үшін қорғаныс пен тежеуді күшейтетін жаңа қадамдар басуға мүмкіндік беретінін атап көрсеткен Столтенберг қорғаныс шығындарында артудың, сондай-ақ Украинаға қолдаудың жалғасуының да талқыланатынын мәлімдеді.
Столтенберг Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы трансатлантикалық байланыстың НАТО елдерінде тұратын 1 миллиард адамның қауіпсіздігі үшін маңызды екенін мәлімдеді.
НАТО-ның соңғы саммиті 28-30 маусым күндері арасында Испанияның Мадрид қаласында өткен болатын.