Иранда 2 адамды дарға асу жазасы орындалды

«Тасним» ақпарат агенттігі 2 адамның «лаңкестік әрекет жасады» деген айыппен дарға асылғанын жариялады.

1904169
Иранда 2 адамды дарға асу жазасы орындалды

Иранның Систан-Белуджистан аймағында режимге қарсы «Джейшул Адл» ұйымы мүшесі екені алға тартылған 2 адам «террорлық әрекет жасады» деген айыппен өлім жазасына кесілді.

«Тасним» ақпарат агенттігі Систан-Белуджистан уәлаятының Захидан қаласында «қауіпсіздік күштеріне қарсы қарулы шабуыл мен лаңкестік әрекет жасады» деген айып тағылған Рашид Белуч пен Исхак Асканидің дарға асылғанын жариялады.

Белуч және Аскани 2016 жылы уәлаяттың Чебрук және Риддик шекаралық аймақтарында 4 сарбаз қаза тапқан қарулы шабуылдың қанішерлері болумен айыпталған еді.



Ұқсас жаңалықтар